Жарияланды: 400

Медициналық ұйымдарды бақылайтын кеңес жұмысына сын айтылды

Медициналық ұйымдарды бақылайтын кеңес жұмысына сын айтылды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қадағалаушы орган мүшелерін белсенді болуға шақырды, деп хабарлайды 24.кз.

Ләззат Ақтаеваның айтуынша, елдегі ауруханалар мен медициналық оқу орындарының 53%-нда бақылау кеңестері жұмыс істейді. Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің тәуелсіз директорлар қатарында Денсаулық сақтау министрі мен Форбс тізіміндегі бизнесмендер бар. «Мұндай құрам медициналық ұйымдардың менеджментін жақсартып, корпоративтік басқаруды дамытуға оң ықпалын тигізеді», – деп сенеді басқосушылар.

– Жергілікті атқарушы органдар қазір бақылау кеңестеріне байқау жариялап жатыр. Оған денсаулық сақтау ұйымының тиімді жұмыс істеуіне үлес қосамын деуші кез келген азамат қатысуға құқылы. Бүгінгі конференцияда медициналық жоғары оқу орнының қадағалаушы органына студенттердің ата-аналарын мүше қылу секілді ұсыныс та түсті. Ал, ауруханалар мен емханаларда тәуелсіз директорлар сапына емделушілерді қосуға болушы еді, деді ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін