MEGA орталықтар түгелдей жабық: Азық-түлік пен дәріханалардан басқа орталықтардың бәрі өз жұмыстарын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
MEGA орталықтар түгелдей жабық: Азық-түлік пен дәріханалардан басқа орталықтардың бәрі өз жұмыстарын тоқтатты

MEGA орталықтар түгелдей жабық: Азық-түлік пен дәріханалардан басқа орталықтардың бәрі өз жұмыстарын тоқтатты

MEGA желісінің басшылығы өзінің барлық сауда-ойын-сауық орталықтарын жабуды ұйғарды.

  • 17 Наурыз 2020
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Орталықтарда тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын жалғастырады. Супермаркет күн сайын 9:00-ден 23:00-ге дейін, ал дәріханалар — 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Біз мұны коронавирустық инфекцияның таралуына кез келген қауіп-қатерді болдырмау үшін, сондай-ақ біз мұндай жолға жалға алушылар мен келушілердің көптеген үндеуін ескере отырып барып отырмыз. Біздің алдымызда өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы туралы қамқорлықтың бірыңғай міндеті тұр. Біз осы қиын жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз. Тек бірге ғана біз барлық кедергіні еңсере аламыз", — деді желінің бас директоры Сейітжан Есмағамбетов.

Бұған дейін СОО аумағында тек кинотеатрлар мен ойын-сауық орталықтары ғана жабылатыны айтылған еді.


Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27-ге жетті.

Соңғы жаңалықтар