Мейрамбек Беспаев пен басқа да жұлдыздар шығысқазақстандықтармен футбол ойнайды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамбек Беспаев пен басқа да жұлдыздар шығысқазақстандықтармен футбол ойнайды

Мейрамбек Беспаев пен басқа да жұлдыздар шығысқазақстандықтармен футбол ойнайды

10 қыркүйек күні Өскемендегі Шығыс стадионында қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Қала күніне арналған жолдастық матч өткізеді. Олардың қарсыласы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің командасы болмақ. 

  • 26 Тамыз 2014
  • 481
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы танымал әнші Қайрат Нұртастың фан-клубының Инстаграмдағы парақшасында хабарланған.

Өнер жұлдыздары құрамасында Мейрамбек Беспаев, Қайрат Нұртас, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы сынды әншілер мен «Нұр-Мұкасан», «Rin'Go», «Mysterions», «Перцы» тобы және басқа да сахна жұлдыздары бақ сынайды.

Жолдастық кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады. Матчтан кейін отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.