Мекен-жай анықтамасынан бас тарту ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мекен-жай анықтамасынан бас тарту ұсынылды

Мекен-жай анықтамасынан бас тарту ұсынылды

ҚР Премьер министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев мекен-жай анықтамасынан бас тартуды ұсынды.

  • 29 Қаңтар 2019
  • 49
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Достар, айтыңыздаршы кім сіздерден мекенжай анықтамасын сұрайды?
Жақында кадр бөлімінің қызметкерлерінен сұрадым не үшін олар анықтамалады қағаз түрінде жинайды. Жауаптары – керек болған кезде біз адамды мекенжайнан таба аламыз, болмаса жеке парақтағы мәлімет ескірсе, қағаз түрінде құжат болады. Осы жағдайда мекенжай анықтамасы қалай көмектесетінін мен түсінбедім. Өйткені бұл құжатта ескіріп кетеді ғой. Сондай ақ, адам уақытын текке шығарып, керек емес құжаттарды алу керек екен. Дегенмен, қазір ол жедел онлайн режимінде және телеграм арқылы қолжетімді болса да, оған да уақыт керек.
Өткен жылдан бастап мемлекеттік органдар бірнеше мәліметтерді азаматтардан сұрамай, дерекқордан алу керек (егер мұндай фактілер сақталса, маған жазыңыздар). Олардың ішінде мекенжай анықтамасы бар. Банктерге және басқа үшінші тұлғаларға арналған egov порталында сервис бар, бұл клиенттің келісімімен азаматтың тіркелгені туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Осындай сервистер бюрократияны жою үшін енгізілген. 
Бүгін мен министрліктер мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әріптестеріме мекенжай анықтамасының қажеттілігін және оны реестірден алып тастау мүмкіндігін талдауды тапсырдым", — деп жазды Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар