Меккеде толассыз жаңбырдан екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меккеде толассыз жаңбырдан екі адам қаза тапты

Меккеде толассыз жаңбырдан екі адам қаза тапты

Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, жауын-шашынның ең көп мөлшері теңіз жағалауындағы Джидда қаласына жақын аудандарда жауған.

  • 25 Қараша 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Жарты тәулікте шамамен 180 мм, деп хабарлайды Caravan.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының Мекке қаласы мен оған жақын аймақтарда бейсенбі күні таңертең басталған толассыз жауын салдарынан екі адам қаза тапты.

Жергілікті билік Меккені Джиддамен байланыстыратын тас жолды жабуға бұйрық берді, бұл қалалардың әуежайларындағы көптеген рейстер тоқтатылды.


Азаматтық қорғаныс қызметтері халықты ауа-райы қалпына келгенше ерекше қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар