Меккеге бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, 20 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меккеге бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, 20 адам қаза тапты

Меккеге бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, 20 адам қаза тапты

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ

  • 28 Наурыз 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Апат салдарынан қажылыққа бара жатқан кем дегенде 20 адам қаза тауып, 29-ы жарақат алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 27 наурызда Сауд Арабиясының оңтүстік-батыс аймағында болды. Бұл туралы Arabnews хабарлады.

Оқиға Асир провинциясындағы Акабат-Шаар деген жерде түстен кейін сағат 16:00 шамасында болды. Автобус Хамис Мушайттан шығып, Абхаға бет алды.

Кей мәліметтер бойынша, апатқа автобустың тежегіш жүйесіндегі ақау себеп болған. Жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қоршауға соғылған. Содан кейін автобус аударылып, өртеніп кетті.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының полициясының мәліметін айтып, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлады.