Жарияланды: 350

Меккеге жолдама алған танымал актер жылап жіберді (ВИДЕО)

Меккеге жолдама алған танымал актер жылап жіберді (ВИДЕО) Сурет - Stan.kz

Актер Абай Асылхан күтпеген жерден Меккеге жолдама алды. Оған мұндай қымбат сыйды жары Жанель Мақажан жасады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жанель туған күніне орай жарын кешкі асқа шақырып, тосын-сыйын сол жерде тарту еткен. Мұндайды күтпеген Абай эмоциясын жасыра алмай, жылап қалды. 

"Аллаһ Ұлық! Алланың шақыртуымен Алланың үйіне қонақ болып бару бұйырды! Өмірімдегі ең үлкен армандарымның бірі орындалды! Аллаһ разылығы үшін қосылған қосағым, туған күніме осындай сыйлық жасады! Отбасымызбен ең бірінші Шетелге шығуымыз, Қасиетті мекеннен басталсын деп шешіп едік, ниет-тілегіміз қабыл болды", - деп жазба қалдырды ол.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін