Мексика полициясы Мичоакан штатында 20 мәйіт пен шабылған адам бастарын тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексика полициясы Мичоакан штатында 20 мәйіт пен шабылған адам бастарын тауып алды

Мексика полициясы Мичоакан штатында 20 мәйіт пен шабылған адам бастарын тауып алды

Мексикалық полиция қызметкерлері елдің батысындағы Мичоакан штатында кем дегенде 20 мәйіт тауып алды, деп хабарлауда латынамерикалық БАҚ.

  • 7 Ақпан 2014
  • 765
Фото - Caravan.kz

Мәйіттер жаппай көмілген жерден шауып алынған төрт адамның басы табылған. Олар шіркеудің қасында жатқан пакеттен табылған, ішінде сес көрсетілген мазмұнды хат болған.

Жергілікті тұрғындар бұл есірткі картельдерінің кек алған түрлері, деп топшылайды, елде қауіпсіздіктің сақталуы шараларына риза болмаған мексикалықтар бір ай бұрын өздері бригада құрып, жергілікті полицияның қаруын алып, күреске кіріскен болатын.

Олар өз жанұяларын "Тамплиерлер орденінің серілері" картеліндегі қылмыскерлердің шабуылынан қорғамақ.


Ел басшылары бригада мүшелерін қаруды тастауға шақырды, штатқа полицияның қосымша нарядтары және федералды әскерлер жөнелтілді.

Алайда бригада мүшелері алдымен биліктің іс-қимылдарының нәтижелерін көріп алайық, деп көнбей отыр.