Мексика Президенті полицияға реформа жасайтынын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексика Президенті полицияға реформа жасайтынын жариялады

Мексика Президенті полицияға реформа жасайтынын жариялады

 Мексика президенті Энрике Пенья жоғалған 43 студентке қатысты болған қарсылық акциясын басқаннан кейін елдегі полицияға реформа жасайтынын жариялады, деп хабарлады ВВС. 

  • 28 Қараша 2014
  • 307
Фото - Caravan.kz


Оның айтуынша, реформа негізінен полицияны біріктіруден басталмақ. Қазіргі уақытта Мексикада екі федералды полиция және әр штаттың өзіне қарасты 30 бөлімшесі, сондай-ақ мыңға жуық муниципальді полиция бар. 

Президент оқиға болған Грреро штатында, сонымен қатар Мексиканың оңтүстік-батысындағы тағы бірқатар штатта арнайы операция басталғанын хабарлады. 

Еске сала кетейік, Герреро штатында әртүрлі қарсылық шараларына белсенді қатысып жүрген 43 студент 26 қыркүйекте Игуала қаласында полициямен болған қақтығыстан кейін жоғалып кетті. Куәгерлер көптеген адамдарды полиция көлігімен алып кеткенін айтқан. Қақтығыс кезінде 6 адам қаза табылып, 17 адам жараланды. 57 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейін оның 14-і табылғаны туралы ақпарат тарады. 

Қараша айының басында елдің Бас прокуроры Хесус Мурильо Карам 40-тан аса студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталғанын мәлім етті.