Мексика бас прокуратурасының хабарлауынша, қылмыскердің аты-жөні құпия сақталып отыр. Сотталған американдық азамат «кәмелет жасына толмаған қызды жыныстық сипаттағы суретке түсіріп, содан соң интернет арқылы таратып отырған».
199 жылға сотталған американдық 1,5 млн песо немесе 96 мың доллар айыппұл төлеуі тиіс.
Сонымен қатар, алдағы уақытта балиғатқа толмаған қызын порнографиялық суреттерге түсіруге келісім берген әйел де жауапқа тартылуы мүмкін.