Мексикада калориясы жоғары сусындар мен тамақтарды жарнамалауға шектеу қойылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикада калориясы жоғары сусындар мен тамақтарды жарнамалауға шектеу қойылмақ

Мексикада калориясы жоғары сусындар мен тамақтарды жарнамалауға шектеу қойылмақ

Мексикада семіздікке қарсы күрес шеңберінде калориясы жоғары сусындар мен тамақтарды жарнамалауға шектеу қойылмақ.

  • 16 Шiлде 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, елде күн сайын сағат 2:30-дан 21:30-ға дейін, ал демалыс күндері 7:00-ден 19:30-ға дейін тәтті газдалған сусындар, тіске басар мен өзге де калориялы жоғары тағамдарды жарнамалауға тыйым салынбақ. Аталған өнімдер кинотеатрларда да жарнамаланбауы тиіс.

Ресми деректерге сүйенсек, Мексикада ересектердің 70 пайызы, балалардың 30 пайызы семіздік зардабын шегіп отыр.


Сондай-ақ, Мексика тәтті сусындарды пайдалану жағынан әлемде алғашқы орында келеді. Бұл мемлекеттің әрбір тұрғыны 163 литр гадалған сусын ішеді екен.