Мексикада үш күндік аза тұту күні жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.96
  • 569.49
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикада үш күндік аза тұту күні жарияланды

Мексикада үш күндік аза тұту күні жарияланды

Мексикада метрополитендегі апатқа байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды. Ондағы апаттан көптеген адам қаза тапқан.

  • 5 Мамыр 2021
  • 20
Фото - Caravan.kz

Президент Андрес Мануэль Лопес Обрадордың тиісті Жарлығы сейсенбі күні кешке ел үкіметінің ресми басылымы Diario Oficial de la Federacion-да жарияланды, деп жазды Сaravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«3 мамырда Мехико метрополитенінің 12-ші жолындағы қайғылы жағдайға байланысты үш күндік ұлттық аза тұту күні жарияланды» делінген құжатта.

Мехиконың оңтүстігіндегі «Оливос» станциясының маңындағы метро бекеті дүйсенбі күні кешке қарай артынан келе жатқан құраммен бірге құлады. Салдарынан шамамен 10 м биіктіктен екі вагон құлаған. Ресми мәліметтерге сәйкес, 24 адам қайтыс болды. Кем дегенде 79 жолаушы зардап шекті.


Бұған дейін Мехикода аза тұту жарияланды. Апат болған желі белгісіз мерзімге пайдаланудан шығарылды.