Мексикалық футболшы өзін алаңнан қуған төрешіні өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикалық футболшы өзін алаңнан қуған төрешіні өлтірді

Мексикалық футболшы өзін алаңнан қуған төрешіні өлтірді

Мексикада футболдан әуесқойлар арасында өтіп жатқан ойында ойыншының шабуылынан төреші қайтыс болды.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 164
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews The Daily Mail-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Басылым мәліметінше, төреші Хосе Вальдемар Эрнандес Капитильоға футболшыға қызыл қағаз көрсеткен. Осыған ашуланған ойыншы төрешіге шабуыл жасады. Ойын соңында Капитильо Халапа қаласындағы ауруханаға жеткізілді және бір апта комада жатып, қайтыс болды. 

"Қазіргі уақытта біз барлық шараны істеп жатырмыз. Әріптесіміздің өліміне кінәлі адам лайықты жазасын алуы тиіс", — деді Мексиканың төрешілер ассосиациясы президенті Валентин Рамирес.


Төрешіге шабуыл жасаған ойыншы қамауға алынған.
 

Соңғы жаңалықтар