Мексиканың орталығынан белгісіз 14 адамның өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексиканың орталығынан белгісіз 14 адамның өлі денесі табылды

Мексиканың орталығынан белгісіз 14 адамның өлі денесі табылды

Бұл іске адам ұрлау, бопсалау ісімен айналысатын Вальпараисодағы қылмыстық топтың байланысы болуы мүмкін. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

  • 6 Тамыз 2017
  • 273
Фото - Caravan.kz


Өлі денелер Мексика штаты Сакатекастың таулы аймақтарынан табылған. Штат прокуроры Франсиско Мурильоның айтуынша, мүрделердің 11-і ер адам, қалғаны әйелдер. Денелер Вальпараисо елді мекенінен табылғандықтан, биліктегілер осы аймақтағы қылмыстық топты айыптап отыр. Сонымен қатар соңғы уақыттарда аталған топты ұстау үшін штат билігі біршама шара жүргізген. Сот сарапшылары осы аумақтан басқа да денелерді іздестіруде.