"Мектеп бюджетінің ашықтығын талап етемін!". Екі жыл бойы жөндеу жұмыстарына қанша қаражат кеткенін айтпай отыр. - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мектеп бюджетінің ашықтығын талап етемін!". Екі жыл бойы жөндеу жұмыстарына қанша қаражат кеткенін айтпай отыр.

"Мектеп бюджетінің ашықтығын талап етемін!". Екі жыл бойы жөндеу жұмыстарына қанша қаражат кеткенін айтпай отыр.

Шымкентте мектеп директорының шаруа ісі жөніндегі орынбасары есеп беру жиынында ағымдағы жөндеу жұмыстарына қанша қаражат бөлінгендігі туралы мәліметтің орнына "сырлап, әктеп жатқан жұмысшылардың суретін көрсеткен".

  • 4 Қараша 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

"Мектеп мұғалімдері алдында есеп бермейтін басшыны қызметтен шеттетуге не кедергі?" деп Шымкенттік ұстаз базынасын айтуда. Мұғалімнің мектеп басшысының жұмысын сынға алып, мектеп бюджетінің ашықтығын талап етіп отырған жазбасы желіде қолдау табуда. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Қазақстан ұстаздары" фейсбук тобында жарияланған жазбаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Бүгін директордың шаруа ісі жөніндегі орынбасары есеп берді. "Естімеген елде көп" дегендей, екі жыл бойы ағымдағы жөндеу жұмыстарына қанша қаражат бөлінді, спорттық және канцелярлық тауарға қанша ақша жұмсалғандығы туралы айтылмай, кәдімгі фотоесеп берді. Сырлап, әктеп жатқан жұмысшылар суреті мен канцелярлық тауар алған мұғалімдердің суретін көрсетіп, екі жылдық есеп берген басшыларды көріп, жыларыңды да, күлеріңді де білмейсің. Сонда жұрттың бәрін ақымақ көреді ме?" — деген Аблязова Г.К.

Артынша автор тағы бір жазба жариялады. 


"Шымкент Қаласының Білім Басқармасы назарына! Жанат Арысбекқызы, мектепте жағымды ахуал қалыптастыра алмайтын (Мектеп басшысы қарамағындағы екі мұғаліммен соттасып жатқанына жылға жуық уақыт болды), бюджеттен бөлінген ақшаның қайда жұмсалғаны туралы фотоесеп (02.11.2022 ж.) беретін, үнемделген қаражатты мақсатсыз жұмсайтын, үш жылдан бері мектеп мұғалімдері алдында есеп бермейтін басшыны қызметтен шеттетуге не кедергі? Мектеп басшысының "жемқорлыққа қарсы комитетке" цифры сәйкестендіріліп берілген есебі қажет емес. Бізге қандай қаражат қайда жұмсалды? Ол ақшаға не сатып алынды? Кім қандай қызмет атқарады? Кім қанша сағатпен жұмыс істейді?.. Мектеп бюджетінің ашықтығын талап етемін! Мектеп директоры кімнен нені жасырады?" делінген жазбада

Соңғы жаңалықтар