"Мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды": Алматыда қызылша өршіді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды": Алматыда қызылша өршіді

"Мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды": Алматыда қызылша өршіді

Алматыдағы мектептердің бірінің бастауыш сынып оқушылары қызылшаның өршуіне байланысты бір айға жуық қашықтан оқиды.

  • 4 Қазан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласы білім басқармасы мәліметінше, №172 мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында қызылша анықталған. 20 қыркүйекте мектепте Алматы қаласы Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары комиссия өткізді. Мектеп әкімшілігіне қызылшаға қарсы вакцина алмаған бастауыш сынып оқушыларын 16 қазанға дейін (инкубациялық кезең) қашықтан оқыту режиміне көшіру ұсынылды.

"№172 мектеп директоры ұсыныстарды ескеріп, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін барлық бастауыш сынып оқушысын (1-4) онлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар онлайн оу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілген", — делінген басқарма хабарламасында.

Әкімдік өкілдері қаланың басқа мектептерінде жағдай тұрақты және эпидемиологтардың бақылауында екенін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар