Жарияланды: 50

"Мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылады": БҒМ ақпаратқа түсініктеме берді

"Мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылады": БҒМ ақпаратқа түсініктеме берді

Білім және ғылым министрлігінде коронавирусқа байланысты мектептерде сабақ болмайды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Әлеуметтік желілерде таратылған сабақты тоқтату туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Оқу сабақтарының кестесін өзгерту туралы шешім қабылданған жағдайда ақпарат ведомствоның ресми ресурстарында жарияланып, БАҚ арқылы ресми түрде жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі "Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығы мен демалыс кезеңдерін анықтау туралы" бұйрығына сәйкес оқушылар 2020 жылдың 21 наурызынан 2 сәуіріне дейін демалады.

"Оқу кестесінде өзгерістер жоқ. Біз тек жаппай іс-шаралар өткізуді барынша азайтуды ұсынамыз. Бұл, бірінші кезекте, балалардың игілігі үшін жасалады және ата-аналар түсіністікпен қарайды. Бұл тек алдын алу шаралары ғана", – деді білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова.

Сонымен қатар, коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қажетті шараларды қабылдау мақсатында академиялық мобильділік шеңберінде қазақстандық студенттер мен оқытушылар уақытша шетелге шықпайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін