Мектепте атыс болып, 3 оқушы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектепте атыс болып, 3 оқушы қаза тапты

Мектепте атыс болып, 3 оқушы қаза тапты

АҚШ-тың Теннесси штатындағы христиан мектебінде атыс болып,  үш бала қаза тапты. Шабуылдаушыны полицейлер атып өлтірді.

  • 28 Наурыз 2023
  • 80
Фото - Caravan.kz


Полицияның мәліметінше, оқиға Нэшвилдегі Бертон-Хиллз бульварында орналасқан мектепте болған. Шақыру бойынша келген полицейлермен атыс кезінде қылмыскер қаза тапқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Медицина қызметкері оққа ұшқан үш баланың ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. NBC News мәліметінше олардың үшеуі де ауруханаға жеткенше қайтыс болған. Құрбандар мен шабуылдаушының аты-жөні, жасы жарияланған жоқ.

Оқиға орын алған Нэшвилдегі мектеп алтыншы сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған жеке христиан мектебі, онда балалар шамамен 11-12 жасқа дейін оқиды. Мектеп сайтындағы мәліметке сәйкес, онда 200-ге жуық оқушы бар. Education Week мәліметінше, тек биылғы жылы АҚШ-та 12 мектепте атыс болып, кісі өлімі немесе жарақат алу дерегі тіркелген. 2023 жылы 14 ақпанда АҚШ-тағы Мичиган университетінде атыс болып, үш адам қаза тауып, бес адам жарақат алған. Атыс жасаған ер адам көп ұзамай өз-өзіне қол жұмсаған. 17 ақпанда АҚШ-тың Миссисипи штатындағы Аркабутла шағын қаласында қарулы ер адам өзінің бұрынғы әйелі мен тағы бес адамды атып өлтірген. Бұл жыл басынан бергі 73-ші атыс («Қару қолданып зорлық-зомбылық таныту» мұрағаты, GVA зерттеу тобының мәліметі). 2022 жылдың 27 мамырында Техас штатының Ювалд қаласындағы мектепке жасалған қарулы шабуылдан 19 оқушы мен екі мұғалім қаза болған.