Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады.

  • 10 Мамыр
  • 5
Фото: ашық дереккөз

Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына дейін болмайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатындығын қатаң ескертемін.

Осыған орай , оқу бағдарламаларын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам еліміздің оқушылары, келесі сыныптарға көшірілсін.

Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын.

Биылғы жылдың түлектері аталған іс шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізетіндіктеріне сенімдімін. Бұл болашақ түлектер үшін өнегелі дәстүрге айналған жаңа форматтағы жоғары мәдениетті алғашқы шара болары сөзсіз.

Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім басқарамаларының басшыларына дербес жауапкершілік жүктеймін, деді ол. 

Соңғы жаңалықтар