Жарияланды: 60

Мектептегі зорлау оқиғасы: білім министрлігінің өкілдері Алматыға ұшып шықты

Мектептегі зорлау оқиғасы: білім министрлігінің өкілдері Алматыға ұшып шықты

Білім және ғылым министрлігі Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды деген жекеменшік "Мариям" мектебін тексереді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен бала құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер жаға ұстатарлық оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматыға ұшып шықты, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Бүгін профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында "Мариям" жекеменшік мекемесін тексереміз. Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі", - деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Ол тергеу қорытындысы бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.

"Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", - деді Иманғалиев.

Мектептегі зорлау фактісіне байланысты қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Зорлық-зомбылық жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Еске салсақ, құқық қорғаушы Дина Смайылова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, 7-сыныптың үш оқушысы бірінші сыныпта оқитын ұл баланы бірнеше күн бойы алып кетіп, сабақ кезінде дәретханада зорлаған. Баланың әкесі болған оқиға туралы екі апта бұрын біліп, полицияға хабарлаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін