Мектептегі зорлау оқиғасы: білім министрлігінің өкілдері Алматыға ұшып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептегі зорлау оқиғасы: білім министрлігінің өкілдері Алматыға ұшып шықты

Мектептегі зорлау оқиғасы: білім министрлігінің өкілдері Алматыға ұшып шықты

Білім және ғылым министрлігі Алматыда 1-сынып оқушысы зорланды деген жекеменшік "Мариям" мектебін тексереді.

  • 12 Мамыр 2022
  • 46
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен бала құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер жаға ұстатарлық оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматыға ұшып шықты, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Бүгін профилактикалық іс-шаралар жүргізу мақсатында "Мариям" жекеменшік мекемесін тексереміз. Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі", — деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Ол тергеу қорытындысы бойынша шаралар қабылданатынын атап өтті.


"Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", — деді Иманғалиев.

Мектептегі зорлау фактісіне байланысты қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Зорлық-зомбылық жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Еске салсақ, құқық қорғаушы Дина Смайылова Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, 7-сыныптың үш оқушысы бірінші сыныпта оқитын ұл баланы бірнеше күн бойы алып кетіп, сабақ кезінде дәретханада зорлаған. Баланың әкесі болған оқиға туралы екі апта бұрын біліп, полицияға хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар