Мектептерде сабақтың тоқтатылғандығын қайдан жедел білуге болады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептерде сабақтың тоқтатылғандығын қайдан жедел білуге болады

Мектептерде сабақтың тоқтатылғандығын қайдан жедел білуге болады

Қарағандының қалалық білім бөлімі Telegram мессенджерінде қатты аяз күндері мектептегі сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабарлама таратуға арналған арнайы арна іске қосылды.

  • 23 Қаңтар 2018
  • 131
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Казинформ әкімнің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді ата-аналар анағұрлым жедел ақпаратты смартфондарына ала алады. Арнаға сілтеме (t.me/karagandagoo) білім бөлімінің ресми сайтында жарияланды kargoo.gov.kz.

«10-шы қаңтарда жарияланған өз жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев білім саласын жаңа индустриалдау талаптарына сай бейімдеу керектігін атап өткен болатын. Біз бүгінгі күннен бастап-ақ күнделікті проблемаларды шешу үшін жаңа сандық технологияларды қолдануымыз қажет. Бүгінгі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды жедел түрде мектептегі сабақтардың тоқтатылуы туралы хабарлама тарату өте маңызды міндет болып отыр», — деп мәлімдеді білім бөлімі.

Сабақтардың тоқтатығаны туралы ақпаратты күніне екі рет Telegram-арнадан оқып отыруға болады, таңертеңгі 7-ге қарай және күндізгі 12 шамасында.


 

#жедел #мектептер #сабақ болмайды #сабақ тоқтатылды
Соңғы жаңалықтар