Мектептің өскелең ұрпақ арасында қазақ тілін насихаттауға және дамытуға үлесі зор - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектептің өскелең ұрпақ арасында қазақ тілін насихаттауға және дамытуға үлесі зор

Мектептің өскелең ұрпақ арасында қазақ тілін насихаттауға және дамытуға үлесі зор

Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасында.

  • 25 Қыркүйек
  • 19
Фото - Caravan.kz

Әрбір жас ұрпақ үшін мектептің берер бағыты мен берері мол екендігі жайлы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Назерке Қанатбекова Caravan.kz медиа порталының тілшісіне тарқатып айтып берді.

Мектептерде қазақ тіліне қатысты реформаларды енгізу қаншалықты тиімді жүріп жатыр?

-Мектептерде қазақ тіліне қатысты қазіргі таңда жүз пайыз қамтылып жатпағанымен,  алайда, берілген талап пен қойылған мақсаттан тайынбаймыз. Білім алушыларға да біршама қиындығы мен қызығы қатар келеді. Жеңіл, ықшам, оңтайлы жазу жасасақ – тілге реформа жасалғаны. Айтайын деген ойды басы артық элементтерсіз дәл, айқын, шығынсыз білдіруге көшсек, міне, осы қазақ тіліне жасалған реформа болады.

Мектеп оқушыларды қазақ тілін кәсіби және күнделікті өмірде қолдануға қалай дайындайды?

-Әрбір білім алушының ұлтшылдық пен намыстан бастап жүрекке жеткізе білу керек және сол дүниені әдетке айналдыра алуы қажет. Қазіргі таңда, жаңашыл бағытта , түрлі дебаттар мен семинар, тренингтердің үлесі де бар. Оны ашық, айқын түсіндіріп, құлшынысын арттыру мақсатында жұмыстар жасаймыз. Көптеген жастарымыз тіпті, «қазақша сөйлеу – сәнге айналған» дегенді ұстанады және де қазақша сөйлейді. Мектепте қазақ тілінде атқарылатын жұмыстар өте ауқымды және кеңінен таралуда.

Ал, баланы кәсіби тұрғыдан да, күнделікті өмірдегі қолдануына да мектептегі алар білімінің мәні мен маңызы зор. Қазақ тілінде оқып, қазақша сөйлеген бала өз ана тілін ұмыт қалдырады деп айта алмаймын. Керісінше, қазіргі жастарымыз одан ары қазақша кітап оқуда да кенде емес. Қазақ тілінде шығатын түрлі тақырыптағы кітаптар да белең алған.

Осының барлығы мектептен алған бастамасы деп айта аламын.

Мектеп өсіп келе жатқан ұрпақ арасында қазақ тілін насихаттауға және дамытуға қандай үлес қоса алады?

-«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық.

Сондықтан, бала үшін ең алғаш білім ордасының шәкірт үшін қазақ тілінің дамуына үлес қосатын, дамытатын орны деп айтар едім. Әрбір шәкіртке мектептің берер тағылым мен тәлімі мол орын. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір бала ол жерде толыққанды барлық тұрғыдан өзін танып, бойына сіңіріп шығады. Мектептің негізі міндеті — тілдік жүйені қалыптастыра отырып, әрбір баланың бойына сіңіру. Біртұтас тәрбие аясында қазір қазақ тілімізді дамытуға да, дәстүрімізді жаңғыртуға түрлі іс-шаралар атқарылады. Мысалы: тілдер апталығы, түрлі ақын-жазушыларлың құрметіне ұйымдастырылатын аудандық, қалалық байқаулар, одан республикалық түрлі жарыстарға қатысып, өзін өте жоғары деңгейді танытуда түрлі шараларға қатысады. Бұдан әрбір баланың жадында, бойында тілге деген құрметі, тілге деген жанашырлығы толыққанды қалыптасады.

Жоғарыда атап өткендерімнің барлығы мектептің баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты.

Осы орайда, қазақтың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «…Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат ешнәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ», – деп тіл жайында терең толғанған болатын жазбаларының бірінде.