Мельбурнда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мельбурнда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Мельбурнда Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

6 тамызда Қазақстан Республикасының Сигапурдағы Елшісі және Австралиядағы елші қызметін қоса атқарушы Ерлан Баударбек-Қожатаев пен Австралия Парламенті өкілдер палатасының спикері Бронвин Бишоп (Bronwyn Bishop) Виктория штатының Мельбурн қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығын ресми түрде ашты, деп хабарлады Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 7 Тамыз 2014
  • 548
Фото - Caravan.kz

Ашылу салтанатына Виктория штаты Парламентінің жоғары және төменгі палаталары басшылары Брюс Аткинсон мен Кристин Файф және қоғамның саяси және зиялы қауым өкілдері мен іскер топтарының белгілі тұлғалары қатысты. 

Елші Е.Баударбек-Қожатаев Австралиядағы қазақстандық қауымдастықтың негізін салушы және қазақстандық-австралиялық сауда өнеркәсіп палатасының президенті австралиялық кәсіпкер Эндрю Фернихоуға құрметті консул патентін табыстады.

Австралияның федералды Үкіметінің атынан сөз сөйлеген Бронвин Бишоп өндіруші сала мен ауыл-шарушылығы саласында екі елдің экономикалық құрылымдары ұқсас екенін ескере отырып, Құрметті консулдықтың ашылуы екіжақты ынтымақтастықтың кеңеюіндегі маңызды қадам деді. Австралиялық саясаткер, елдер арасындағы өзара қатынастың едәуір әлеуетін атап өтіп, Қазақстанның Сидней қаласындағы Бас консулдығын ашу жоспарланғанына қолдау білдірді.

Бишоптың пікірінше, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартып және бейбіт атомды дамытып жатқан мемлекет және ұлысаралық, дінаралық үйлесімді құрған қоғам ретінде — әлемнің басқа елдеріне үлгі. 


Виктория штатының Үкіметі атынан сөйлеген сөзінде Заң шығарушы жиналысының Спикері Кристин Файф Құрметті консулдықтың ашылуы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жанданатынына сеп болатынына сенім білдірді. Ол өзінің әріптестеріне Қазақстанмен парламентаралық достық лигасын құруға ұсыныс жасайтынын айтты.

Виктория штатының астанасы — Мельбурн Австралияның екінші ірі қаласы және континенттің ең үлкен теңіз порты, сонымен қатар — маңызды индустриалды және қаржы орталығы.