"Meloman" дүкенінің сатушылары киімдеріне Z белгісін қойып алған. Аталған дүкен соғысты қолдайды ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Meloman" дүкенінің сатушылары киімдеріне Z белгісін қойып алған. Аталған дүкен соғысты қолдайды ма?

"Meloman" дүкенінің сатушылары киімдеріне Z белгісін қойып алған. Аталған дүкен соғысты қолдайды ма?

Қазақстандық ойыншықтар, кітаптар мен мультимедиялық өнімдер дүкен желісі Marwin - Meloman дүкендерінің сатушыларының Z белгісі бар киім киіп алғандары белгілі болды.

  • 14 Сәуiр 2022
  • 804
Фото - Caravan.kz

Дүкен қызметкерлерінің Z белгісі бар жеймен жүрген суреті желіде желдей есті. Блогер Айнаш Керней бұл дүкенге байкот жариялауды ұсынды.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Соғыс насихаттауға жол жоқ. Marwin (Меломан) балалар дүкені (!) соғысты насихаттайды. Еске сала кетейін, Қазақстанда соғысты насихаттауға тыйым салынған.
Милитаристерге БОЙКОТ!

Билік алдымен сепаристерге көз жұма қарады, одан кейін Z белгісін қолдайдындарға жол берді, кейін Ресейдің "арнайы операциясын" қолдауына жол берді. Ал енді балалар дүкені соғысты қолдауға шықты. Елшілік дұрыс сөйлеуге көшу керек, ал батысқа жеке санкциялар енгізу керек. Marwin (Меломан) БОЙКОТ! Барлық ресейлік тауарларға БОЙКОТ!", — деп жазды Айнаш Керей.


Соңғы жаңалықтар