"Меломен" тобы: Жолдыбаева өзін сатып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Меломен" тобы: Жолдыбаева өзін сатып жүр

"Меломен" тобы: Жолдыбаева өзін сатып жүр

Кәмшат Жолдыбаеваның қырғыз әншісі Мирбек Атабековпен бірге "Тыңда мені" бейнебаяны әлі де сынға ұшырауда.

  • 17 Қазан 2018
  • 35375
Фото - Caravan.kz

Жолдыбаеваның жаңа бейнебаяны жайлы "Меломен" тобы өз пікірлерін айтты.

Бұл туралы топ 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтқан болатын.

"Меломен" тобы:  Міндетті түрде мүшеңді көрсетіп, сатудың қажеті жоқ. Сурет салдым деген сөз сатылып жатырмын деген сөз ғой. Ашық, шашық салдым деген сөз, мен өзімді сатып жатырмын деген сөз. Осы арқылы мені әңгімеле қылады, осы маған пиар. Лайк жинау үшін, жұрттың сөзіне қалу үшін қазір барлығы шешініп жатыр. Бұл өте өкінішті нәрсе.

 Шешініп жүрген қыздар өздеріңізді құрбан қылып жатқан шығарсыздар, бірақ сіздер қазақты құрбан қылып жатсыздар. Болашақ өсіп келе жатқан кішкентай қарындастарымызды өздеріңізге еліктетіп жатсыздар. Ертең ол да тәнін сатады, бәрін сатады. Ол нәрсе соған алып келеді.


Соңғы жаңалықтар