Жарияланды: 930

Мемлекет басшысы Алматыдағы тігін кәсіпорнының мүмкіндігін бағалады

Мемлекет басшысы Алматыдағы тігін кәсіпорнының мүмкіндігін бағалады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Казлегпром» кәсіпорнында болды.

Аталған кәсіпорын әскери құрылымдарға арналған киім мен аяқ киім, өзге де киім өнімдерін шығарады. 

Кәсіпорын басшысы Айбек Бектұрғановтың айтуынша, Президент құны 6 млн еуро болатын құрал жабдықпен қамтылған тігін цехы мен кәсіпорынның инфрақұрылымын жоғары бағалады.

«Біздің кәсіпорын 2 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Біз туралы көпшілік жақсы біледі. Бүгін, міне, Елбасы келіп өзі көріп жатыр. Мұндай жағдайлар бізге үлкен серпін берері сөзсіз. Бүгінде елге 55 млн. жұп аяқ киім импортталады. Біз осы салада өзіміздің лайықты орнымызды табамыз деп үміттенемін», - деді А.Бектұрғанов.

Ол бүгінгі сапарында Н.Назарбаевтың «Казлегпром-Алматы» кәсіпорнында тігілген костюм киіп келгенін жеткізді.

Мәліметтерге сәйкес, Алматыда 1825 кәсіпорын жұмыс жасап келеді. Олардың тек 7 пайызы ғана жеңіл өнеркәсіп саласында.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС ашылғалы бері жұмысшылар саны 15 есе артты.

Бүгінде мұнда жылына 1,5 млн. тігін өнімі мен 400 жұп аяқ киім тігіледі. Тауарлардың барлық ассортименті СТ-KZ сертификатына ие. Бұл өнімдегі қазақстандық қамтудың көрсеткіші 50-75% дегенді білдіреді. Соңғы екі жылда өндіріс көлемі 6,8 есе артып, 2,7 млрд. теңгені құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін