Мемлекет басшысы "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директорын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директорын қабылдады

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамының бас директоры Талғат Мұсабаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Желтоқсан 2006
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы біздің еліміздің ғарыш саласын дамытуға аса зор маңыз береді»,- деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.

«Қазір біз ғарыш саласын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудамыз, сондай-ақ 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жүріп жатыр. Осылайша, Қазақстан ғарыштық державалардың қатарына қосылу үшін қарышты қадам жасауда»,- деді кәсіпорын директоры.

Т.Мұсабаев отандық ғарыш саласын дамытуда Қазақстанның алғашқы қадамдарды жасағанын атап өтті. «KazSat-1» ғарыш аппараты ұшырылды — бұл отандық ғарыш саласын дамытудағы аса маңызды оқиға болып табылады. Бірқатар басқа да жобалар жүзеге асырылуда: «Бәйтерек» зымыран-ғарыштық кешенін және «Есіл» авиациялық кешенін құру, Байқоңыр ғарыш айлағында арнайы конструкторлық бюроны құру жұмыстары атқарылды», — деді Т.Мұсабаев журналистерге арналған брифингте.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр