Мемлекет басшысы Беларусь президентімен сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Беларусь президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Беларусь президентімен сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

  • 31 Тамыз 2021
  • 692
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Беларусь қарым-қатынасының негізгі аспектілерін талқылады.

Президенттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық дамудың оң динамикасын атап өтті.

Екі ел басшылары халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасты. Қазақстан мен Беларусьтің Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық құрылымдар аясында өзара ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы туған күнімен құттықтады.


Соңғы жаңалықтар