Мемлекет басшысы белсенді әйелдерді қабылдап, төл мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы белсенді әйелдерді қабылдап, төл мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы белсенді әйелдерді қабылдап, төл мерекесімен құттықтады

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 7 Наурыз 2017
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Қымбатты ханымдар! Жыл сайын Ақордада дәстүрлі «Көктем шуағы» дәл осы кезде өткізіледі. Оны өздеріңіз білесіздер. Алдағы келе жатқан мереке әйелдер күні баршаңызға құтты болсын! Бақ-береке, жақсылық тілеймін! Бүгін біздің ортамызда әйел азаматтарының әр салада қызмет істеп жүрген өкілдері бар. Көп балалы аналар, депутаттар, ғалымдар, сот, диқан, кәсіпкер, өнертапқыш, дәрігер, әнші, журналист, актриса, спортшы, жауынгерге дейін арамызда отыр», — деді кездесуді ашқан Елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан әйелдерінің қоғамдағы рөліне әр уақытта назар аударылып келе жатқанын баса айтты.

«Біз ананы, әйелді әр уақытта құрметтеп, жоғары бағалап өткен халықпыз. Батыр аналарымыз ел басына күн түскенде ерлермен бірге қолына қару алып, Отанын қорғаған. Ел үшін ер-азаматтармен бірге жауға шапқан баяғыдан келе жатқан, бізге белгілі Бопай ханым, Хиуаз Доспанова, Әлия, Мәншүктер өшпес ерліктерімен елдің санасында қалғанын бәріміз білеміз. Қазақ әйелдерінің арасында зор құрметке бөленген үлкен аналарымыз Домалақ ана, Айша бибі, Айғаным ханша, Зере әжелеріміз парасаттың символы болып саналады. Бүгінгі Қазақстан әйелдері сол парасатты жалғастыратын, жолын жалғайтын ізбасарлары. Әйел үйдің қазығы деп әйелін құрметтеген халықпыз. Қыз өссе елдің көркі деп қызын құрметтеген халықпыз. Ұлы далада қилы заманнан келе жатқан игі дәстүр қазір де жалғасуда», — деді Назарбаев.

Айта кетейік, кездесуге Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева, ғалым-микробиолог Әлия Ерназарова, Универсиады-2017 чемпионы Анна Шевченко, ҚХА мүшесі, ауыл мектебінің директоры Ирина Седова, «Жас Атамекен» жас кәсіпкерлер клубының президенті Зарина Көкжанова, ақын Толқын Қабылша, әнші Мария Галицкая, «Тенгизшевройл» ЖШС адам ресурстарын басқару бас менеджері, аудандық аурухананың бас дәрігері Қарлығаш Рәзиева, Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, «Астана-Балет» театрының жетекші балеринасы Милана Буканова, көпбалалы ана Оксана Мукашева, қобыздан халықаралық байқаулардың лауреаты Ақерке Тәжібаева, Астана қалалық кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Назилия Раззак, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Оксана Давыденко, ҚР ҚК Парашют дайындығы орталығының аға маманы Римма Рамазанова, актриса Салтанат Бақаева, журналист Венера Мирланқызы қатысуда.


Соңғы жаңалықтар