Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің президентімен келіссөздер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің президентімен келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің президентімен келіссөздер жүргізді

Астана. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше күннің екінші жартысында Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді. Аль-Айн қаласының әуежайында елбасын Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Зейд аль-Нахаян күтіп алды. Президент сарайына келген екі мемлекеттің басшылары келіссөздер жүргізді,деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 8 Қараша 2007
  • 591
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, әңгіме барысында, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы қатынастардың достық және өзара сыйластық ауанында дамып келе жатқандығы, мұның экономикалық ынтымақтастықтың өсуіне себеп болып отырғандығы атап өтілді.

Әмірліктер жағы қатысып отырған Каспий теңізінде «Ақтау-Сити» құрылысы мен Астанадағы «Абу-Даби Плаза» көп профильді кешен құрылысының жобалары сияқты үлкен инвестициялық жобалар мұның айқын куәсі болып табылады.

«2006 жылы қол қойылған «Қазақстан — Біріккен Араб Әмірліктері» біріккен іс-шара жоспары да үлкен мәнге ие, ол экономиканың өнеркәсіп, транспорт және коммуникация, құрылыс, фармацевтика және медицина сияқты салаларындағы экономикалық ынтымақтастықты пәрмендендіруді көздейді»,- деп атап өтілген хабарламада.

Баршаға белгілі, жуықта Шымкентте өткен Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Халифа бен Зейд аль-Нахаянның кездесуі кезінде ынтымақтастықтың болашағы мен жаңа нақты жобалар талқыланған болатын. Олардың кейбірінің егжей-тегейі екі мемлекет басшыларының осы кездесуінде қаралды.

Атап айтқанда, әмірліктер инвестициясының үлкен мұнайхимиялық өндірістер құрылысына қатысуы, газ өңдеу және мұнайгаз инфрақұрылымындағы, металллургиядағы болашағынан зор үміт күттіретін жобалар туралы сөз қозғалды. Осыған байланыстьы елбасылары Қазақстанға нақты келісім шарттар жасу үшін Абу-Дабидің мұнай инвестициясы жөніндегі компаниясы және инвестиция жөніндегі үкіметтік комиссиясы сияқты инвестициялық құрылымдарының өкілдерінің келуі туралы келісті.

Үкіметаралық комиссиялардың жұмыстарына жоғары баға бере отырып, президенттер сондай-ақ екі елдің жеке секторларының арасындағы байланыстарды барынша дамытуды қолдады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев сауда-өнеркәсіптік палатаның басқаруымен Қазақастан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің іскерлік кеңесін құруды ұсынды.

Мемлекет басшылары сондай-ақ екі жақ та қызығушылық танытатын бірқатар халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасып, екі мемлекеттің халықаралық құрылымдар мен бастамалар аясында мәдени-гуманитарлық саладағы өзара ықпалдастығының жекелеген мәселелерін талқылады.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін президент Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы — Абу-Даби қаласына бет алды, онда оның жұмыс сапарының бағдарламасы өз жалғасын таппақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті