Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Елбасы бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

  • 18 Қараша 2015
  • 614
Фото - Caravan.kz


Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына және мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және азаматтардың ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен еркін алуға және таратуға деген конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Сонымен қатар Елбасы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және заңнаманы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар