Мемлекет басшысы кедендік органдардың қызметіне оң баға береді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы кедендік органдардың қызметіне оң баға береді

Мемлекет басшысы кедендік органдардың қызметіне оң баға береді

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік органдардың қызметіне оң бағалайды. Бұл туралы ол кеше өткен Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрбозовпен болған кездесу барысына мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 22 Сәуiр 2008
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы кедендік органдардың жұмысына оң баға берді және жалпы кеденді жетілдіру мен дамытуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

«Аз уақыт ішінде өте көп шаруа атқарылған. Соған қарамастан мен тәртіп орнатуға қарсы үлкен қарсылықты сезіп тұрмын. Мен Кедендік бақылау комитетінің қызметін қолдаймын. Комитет тәртіп орната бастаса болды, телефон қоңыраулары, қысым көрсету көбейе түседі. Бұл шектен шыққандық. Мен барлығына Кедендік бақылау комитетінің қызметіне қолдау көрсетуге тапсырма беремін», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, өз кезегінде Қ.Кәрбозов президентті кедендік шаруалардың қазіргі таңдағы жағдайымен таныстырды.

КБК басшысының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың маусым айынан бері Комитет кедендік қызметтің жағдайын сауықтыруға мүмкіндік берген 14 жүйелі іс-шараны жүзеге асырған. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы кезең-кезеңді жұмыс жүргізілуде. Кедендік органдармен өз қызметкерлеріне қарсы 62 қылмыстық іс қозғалып, 58 лауазым иесі қызметінен босатылған.

Қозы-Көрпеш Кәрбозов сонымен бірге, кеден ісі бюджеттің салымды бөлігін толтырудың негізгі көзі бола бастағанын атап өтті. Мәселен, республикалық бюджетке түсетін кедендік төлемдер мен салықтардың кірісі жылдан жылға артып келеді, 2008 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша ол 31,7% құрап отыр.

«Салық төленетін қор өсіміне қарағанда төлемнің озық өсімі 9,8% жетіп отыр. Бұл факт кедендік әкімшілік жүргізудің жоғары деңгейін көрсетеді. ҚР президентінің тапсырмасын орындау негізінде кедендік органдармен шағын және орта кәсіпкерлікті тексерудің барлық түрі тоқтатылды», — деп атап көрсетілген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті