Мемлекет басшысы Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады

Мемлекет басшысы Мәскеуде өтетін Жеңіс шеруіне қатысады

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық кеңестің Жоғары кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шет елдік бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 27 Сәуiр 2015
  • 319
Фото - Caravan.kz

«Мен шешім қабылдадым, 9 мамырда Жеңіс шеруіне қатысатын боламын. Бізде 7 мамыр — Қазақстан Қарулы күштерінің құрылған күні. Бізде де шеру өтеді. Мен осы жерде өзіміздің ардагерлермен кездесемін және 8 мамырда Мәскеуге барамын. Өйткені, сол уақытта біздің Еуразиялық экономикалық кеңестің және ұжымдық қауіпсіздің ұйымының Жоғары кеңесі өтеді», — деді Елбасы.

ҚР Президенті Мәскеуге сапары барысында РФ Президентімен және басқа да әріптестерімен екіжақты кездесу өткізетіндігін, елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынас мәселелерін талқыға салатын атап өтті. Сонымен қатар ҚР Президенті Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына қатысты да пікір білдірді.

«Біз сол уақытта бір ел болдық және бірге соғыстық. Сол кезде, соғыс алдында Қазақстан халқы 9 немесе 10 млн. болатын. Оның 2 миллионы, халықтың 20 пайызы соғысқа шақырылды. Олардың жартысы соғыс даласынан елге оралмады. Сондықтан да Ресей мен басқа да елдердегі сияқты Қазақстанның әрбір отбасы соғыс салдарын біледі. Жылдан-жылға ардагерлер қатары сиреп барады. Олардың  барлығын біз өз қамқорлығымызға алдық», — деді Н.Назарбаев.