«Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2007 жылғы мемлекеттік сыйлығы мына авторларға берілсін деп қаулы емемін»,- делінген жарлық мәтінінде.
«Спектрлік теория және оның қолданылуы» тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы Мұқтарбай Өтелбаевқа;
«Қазақстанда табиғи сесквитерпенді лактондар химиясын зерттеуді, олардың негізінде дәрілік заттар жасауды, бірегей отандық фитопрепараттардың өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыруды дамыту» жұмысы үшін:
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Мыңжасарұлы Әдекеновке;
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының зертхана меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының кандидаты Қорлан Есқожақызы Итжановаға;
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының бас ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының докторы, профессор Альфред Давыдович Кагарлицкийге;
Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты Марат Нығметжанұлы Мұхаметжановқа (марқұм);
Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қани Мұсылманбековке;
«Биологиялық бақылау сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасының» директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайролла Дүйсенбайұлы Рахымовқа;
Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясының кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Валентина Брониславовна Сиротаға;
«Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» акционерлік қоғамының зертхана меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы, профессор Қобланды Мүбәракұлы Тұрдыбековке.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті