Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президентке «Қазпошта» акционерлік қоғамының биылғы 8 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды.

  • 2 Қазан 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, компания шығындарды оңтайландыру, электронды коммерцияны және басқа да қаржылық қызметтерді дамыту есебінен соңғы 5 жылда алғаш рет шығыны аз, табысты мекемеге айналып отыр. «Қазпоштаның» 8 айдағы кірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44 пайызға немесе 16,7 миллиард теңгеге артты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әсел Жанасованың айтуынша, еліміздің шалғай елді мекендерінде «Қазпоштаның» бөлімшелер желісін кеңейту жоспарланып отыр. Бұл пошта, қаржы, агенттік, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысына «Қазпошта» акционерлік қоғамы электронды коммерция нарығының субъектілері үшін бірыңғай экожүйе құратыны жөнінде мәлімет берілді. Ол үшін компания фулфилмент орталықтарын дамыту, отандық және шетелдік танымал маркетплейстер үшін тапсырыстар беру пункттерін ашу, қоймалар мен поштамат желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Президентке Ақтөбе қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында логистикалық хаб салу жоспары таныстырылды. Мұндай логистикалық хаб осы аптада Астана қаласында ашылмақ.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қаржылық жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды, ауыл тұрғындарына көрсетілетін әлеуметтік және мемлекеттік қызметтер аясын ұлғайтуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар