Елбасы осы өңірде 8 жылдан астам еңбек еткен бұрынғы әкім Серікбай Нұрғисаевтың жұмысына жоғары баға берді. Президент бұрынғы әкімнің өз кеңесшісі болып тағайындалатынын хабарлады.
Икрам Адырбеков 1950-жылы Өзбекстанның Ташкент облысында туған. Алматы зоо-малдәрігерлік институтын бітірген, зоотехник ғалым, экономика ғылымдарының докторы.
1992-1993-жылдарда сыртқы экономикалық «Қазагросыртқы сауда» АҚ-ның президенті, мемлекеттік «Агросауда» сыртқы экономикалық акционерлік компаниясының президенті , 1996-1997-жылдарда ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары- қаржылық-әкімшілік басқармасының бастығы болды. 1997-жылдың желтоқсан айы мен 2002-жылдың маусым айлары аралығында Литвадағы ҚР елшісі, сондай-ақ, Республикамыздың Латвия мен Эстониядағы елшісі, 2002-жылдың 1-шілдесінен күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшісі әрі, еліміздің Филиппины республикасындағы елшісі қызметтерін қоса атқарды.