Мемлекет басшысы Роман Склярды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Роман Склярды қабылдады

Мемлекет басшысы Роман Склярды қабылдады

Президентке Германиядан инвестиция тартуға, екі елдің бизнес саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға, Қазақстан экономикасы үшін маңызды саналатын бағыттардағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.

  • 9 Маусым 2021
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің жұмыс тобы осы бағыт бойынша перспективасы бар бағыттар мен жобаларды одан әрі пысықтау үшін тұрақты түрде кездесулер өткізуде.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы машина жасау саласын дамыту үшін жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы баяндалды. Елімізде 119 мың қызметкерді жұмыспен қамтып отырған 3 мыңнан астам машина жасау кәсіпорны бар. Үкімет аталған саланы қарқынды дамыту мақсатымен отандық машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өндірістің көлемін сақтап, өсімін одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған қолдау шараларын қабылдауда.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды екеніне назар аударып, бірқатар нақты тапсырма берді.


 

Соңғы жаңалықтар