Мемлекет басшысы саяси реформаларға қатысты мәселені партиялардың жетекшілерімен және әкімдермен бірлесе талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы саяси реформаларға қатысты мәселені партиялардың жетекшілерімен және әкімдермен бірлесе талқылады

Мемлекет басшысы саяси реформаларға қатысты мәселені партиялардың жетекшілерімен және әкімдермен бірлесе талқылады

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Елордасындағы Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси партиялардың жетекшілерімен, облыс, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесуі басталды, онда алдағы конституциялық реформаға қатысты мәселе талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Мамыр 2007
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күн — еліміздің дамуындағы аса маңызды сәттердің бірі. Мен өзімнің әріптестерім-партияластырымды, «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының мүшелерін, партиялардың жетекшілерін, облыс әкімдерін шақырдым. Біз саяси реформаларды тікелей іске асыра бастауға ден қойып, еліміздегі саясатты либерализациялауға қарай жаңа үлкен қадам жасағалы отырмыз»,- деді кездесуді ашқан президент.

«Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған бағыттардың 80 проценттен астамы қабылданып, қалған 20 процент бойынша біз тіптен алға жылжыдық. Бүгін біз өз арамызда ашық-жарқын әңгімелесеміз. Алдағы іс-әрекеттерімізді жан-жақты талқылауымыз қажет»,- деді Н.Назарбаев. «Ертең парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Мен Қазақстан Республикасының Ата заңына енгізілетін бірқатар түзетулерді парламенттің талқысына ұсынбақшымын»,- деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті