Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу кезінде сенатор жергілікті өзін-өзі басқаруды жаңалау мәселелері бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.
«Мен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының атынан мемлекет басшысына халыққа арнаған жолдауында «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбыры мен Балхаш Жылу электр станциясын салу мақсаттарын алға қойғаны үшін үлкен ризашылығымды білдірдім. Оңтүстік Қазақстан облысы энергиядан тапшылық көріп отырған өңір, сол себепті аталған нысандарды салу көптеген тауқыметтерді шешеді», — деді Б. Жылқышиев журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті