Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Дэвид ОРайлли «президентке «Теңізшевройлдың» іс-қызметі аясын кеңейту жобасының жүзеге асырылу барысы жайында» әңгімелеп берді.
«Жобаның бірінші кезеңі аяқталып, соның нәтижесінде біз мұнай өндіру көлемін 4 млн тоннаға ұлғайттық, жылдың аяғына дейін 18,7 млн тоннасын өндіруді жоспарлап отырмыз. Қызмет аясын кеңейту жобасының екінші кезеңі аяқталған кезде біз мұнай өндіру көлемін жылына 24 млн тоннаға дейін жеткіземіз», -деді Д. ОРайлли журналистерге арналған брифингте.
Сондай-ақ, тараптар «компания іс-қызметінің экологиялық жақтарын, атап айтсақ, күкіртті сақтау және пайдалы жарату жобасының жүзеге асырылуын талқылады. Президент Теңіз кенішінің маңындағы экологиялық ахуалды жақсартуға қатысты нақты тапсырмалар бере отырып, еліміздің табиғат қорғау заңнамасын бұлтарыссыз сақтау қажеттігін» атап көрсетті.
Сұхбат барысында «Шеврон» компаниясы Қазақстанға жұмыс істеуге келген бірінші ірі мұнай компаниясы екендігі айтылды. Қазір компания «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылуының 15 жылдығын атап өтуге дайындалуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті