Жарияланды: 960

Мемлекет басшысы Таразда химия өнеркәсібін дамыту мәселелеріне арналған кеңесті ашты

Тараз. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Таразда химия өнеркәсібін дамыту мәселелеріне арналған республикалық кеңесті ашты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кеңес "Казфосфат" ЖШС филиалы "Жаңа Жамбыл фосфор зауыты" ғимаратында өтуде. Кәсіпорын сары фосфор және құрамында фосфоры бар өнімдер шығаруға бағытталған химия зауыты ретінде құрылған. Ол 645 гектар жер көлемін алып жатыр. Бұл филиалдың құрамына сары фосфор өндіру цехы (4 кен балқыту пеші жылдык қосынды қуаты 84 мың тонна); фосфор қышқылын өндіру цехы (3 технологиялық жүйе жылдық жобалық қуаты 120 мың. тонна; натрий үшполифосфатын өндіру цехы (3 технологиялық жүйенің жылдық жобалық қуаты 120 мыңтонна ) секілді негізгі өндіріс орындары кіреді. Зауыт өнімдерінің негізгі тутынушылары - Польша, Алмания, Чехия, Ресей, Украина, Түркия, Жапония, Үндістан, Иран және басқа елдер болып табылады. 2007 жылы 70187 тонна сары фосфор, 41929 тонна фосфор қышқылы және 46521 тонна натрий үшполифосфаты өндірілді. Сөйтіп, барлығы 15,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, 2006 жылмен салыстырғанда 109,4 пайызға артты. Үстіміздегі жылдың 9 айында 24,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 142,0 пайызды құрады. 2007 жылы бюджетке 410,1 млн. теңге аударылса, үстіміздегі жылдың 9 айында бюджетке 323,4 млн. теңге аударылды. 2008 жылдың 1 қазанында мұнда 2585 адам жұмыс істеп, олардың айлық еңбекақысы 50 мың 532 теңгені құрады. Кәсіпорынның бюджетке, еңбекақы және зейнетақы қорына ешқандай қарызы жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін