Мемлекет басшысы Temasek Holdings компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Temasek Holdings компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады

Мемлекет басшысы Temasek Holdings компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дилхан Пеллэйді «Самұрық-Қазына» қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады.

  • 23 Мамыр
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің айтуынша, аталған бастама іскерлік байланыстарды кеңейтуге, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық компанияны Қазақстан экономикасының түрлі саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

Дилхан Пиллэй көлік және логистика салалары бойынша біздің елмен арадағы ынтымақтастық перспективасына жоғары баға берді. Қазіргі уақытта сингапурлық компания Қазақстан экономикасына қатысу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр.

Бұдан бөлек, кездесуде бірлескен инвестициялық қор құру, сондай-ақ цифрландыру, электронды коммерция және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Temasek – Сингапурдың 1974 жылы құрылған ең ірі инвестициялық компанияларының бірі. Әлемнің 9 елінде компанияның 13 өкілдігі бар.

Соңғы жаңалықтар