Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась та қатысады. ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мүшелері ұйымның жауапкершілік аймағындағы жағдайды, оның даму перспективаларын талқылап, ҰҚШҰ-ның мерейтойына арнап мәлімдеме қабылдайды деп жоспарланып отыр, — делінген ҰҚШҰ хабарламасында.
Бұған дейін ҰҚШҰ-ға мүше елдер басшыларының кездесуі жұмыс таңғы асы форматында өтетіні хабарланды.
2022 жылы ҰҚШҰ-ға Армения Республикасы төрағалық етіп жатыр.
Еске сала кетейік, 10 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарапының бастамасымен шақырылған ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты.
ҰҚШҰ елдері биыл «Жауынгерлік бауырластық – 2022» бірлескен оқу-жаттығуларын өткізеді.