"Мемлекет дінге бағынуы тиіс" деген Нұрболханның сөздері экстремистік болып табыла ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мемлекет дінге бағынуы тиіс" деген  Нұрболханның сөздері экстремистік болып табыла ма?

"Мемлекет дінге бағынуы тиіс" деген Нұрболханның сөздері экстремистік болып табыла ма?

Блогер Нұрболхан Шарапов күні кеше "Дін мемлекетке емес, мемлекет дінге бағынуы тиіс!» деп үкіметке қарата мәлімдеме жасаған болатын. Оның бұл сөздері көпшілікке түрпідей тиді. Оның сөздері қоғамға қауіпті деген пікір айтқандар да табылды. 

  • 11 Тамыз 2021
  • 2352
Фото - Caravan.kz

Мәселен желі қолданушысы Алмас Маратұлы вакцинаға қарсы болып жүрген ақын Балғынбек Имаш пен блогер Нұрболхан Шарапов өз ойларын қоғамға осылай тарата берсе, ішкі қауіпсіздіккке алаңдауымыз керек дегенді айты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"ЛГБТ өкілдері қазақ қоғамына қаншалықты қауіпті болса, Балғынбек Имашев пен Нұрболхан Шарапов та солар секілді қауіпті.

Жақында әлеуметтік желіге нұротандық айтыскер ақын Балғынбек Имашев вакцина салдырмағандарға пәтер алуға көмектесемін деген челлендж бастаған болатын.

Ал кеше ғана блогер Нұрболхан Шарапов жұма күні карантиндік талаптарға байланысты мешіттің жабық тұрғанына наразы болып билікке үндеу тастаған екен.

«Құрметті үкіметте отырған ағалар! Кішкене логикамен жұмыс істейікші. Дін мемлекетке емес, мемлекет дінге бағынуы тиіс!»

Бұл сөздер экстремистік болып табыла ма, табылмай ма оны тиісті органдар тексере жатар. Алайда, Нұрболхан Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет екенін білмейтін болуы керек.

Құрметті Нұрболхан Шарапов! Қазақстан — зайырлы мемлекет! Мемлекет істері азаматтық заң нормаларымен реттелінеді, бірақ дін істеріне араласпайды. Ал діннің қызметі діни нормалармен реттелінеді, мемлекет жұмысына араласпайды. Дін нормалары азаматтық заң нормаларына қайшы келмеуі керек. Дін саясатпен айналыса алмайды. Конституция бойынша дін мемлекет жұмысына ешбір кедергі келтірмеуі тиіс.

⠀Қазір билік Қазақстан халқына вакцина салдыра алмай әлек. Жалпы халықтық иммунитет орнату үшін ел тұрғындарының 70%-ы вакцилануы тиіс деді министр Цой.


Ия, Балғынбек мырзаныкі дұрыс. Ол өз конституциялық құқығына жүгінді. Ешкімге жеке рұқсатсыз вакцина салуға заң рұқсат бермейді. Бірақ, нұротандық Балғынбек Имашев мемлекеттік аппаратқа қарсы акция ұйымдастыру үстінде. Өзі салмаса салмасын, бірақ өзгелерді үгіттеу, бұл мемлекет саясатына қарсылық болып табылады.

Егер миллиондаған оқырманы бар Балғынбек, Нұрболхан сияқты азаматтар дәл осындай ойда болса және ол ойларын қоғамдық орында тарататын болса онда мемлекет тұтастығына, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне алаңдауымыз керек. Ал егер бұл азаматтар Халифат құруды армандаса, демек Араб мемлекеттеріне көшуі керек шығар",— деп жазды Алмас Маратұлы желідегі парақшасында.