Жарияланды: 700

Мемлекет мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге кепілдік береді - Назарбаев

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге кепілдік береді. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін және материалдық қамтамасыздық жағдайын көтеру мақсатында жұмыс істей береміз ", - деді Н. Назарбаев. "Бұл мәселені мемлекеттің қаржылықмүмкіндіктеріне сай біртіндеп шешіп жатырмыз және шешетін боламыз", - деді президент. Ол өз тапсырмасы бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық санаттағы мемлекеттік қызметкерлер үшін жалақы деңгейі 25%-ға көтерілетінін атап өтті. "Сонымен біруақытта жергілікті соттардың судьяларының жалақысы 60%-ға, ал жол полициясы қызметкерлерінің жалақысы одан да көп - үш есеге өседі", -деді президент. Н. Назарбаев атап өткеніндей, "осындай жағдайда қоғам мемлекеттік аппараттан барша ел азаматтарының игілігі үшін адал әрі әділетті жұмысты күтуге құқылы". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін