Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы таяу уақыттарда көрермендер санын біршама арттырып, хабар тарату аясын кеңейтпекші - Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-15 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы таяу уақыттарда көрермендер санын біршама арттырып, хабар тарату аясын кеңейтпекші - Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының төрағасы

Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы таяу уақыттарда көрермендер санын біршама арттырып, хабар тарату аясын кеңейтпекші - Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының төрағасы

Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясы таяу уақыттарда көрермендер аясын біршама кеңейтіп, хабар тарату ауқымын арттырмақшы. Бүгін, 16-сәуірде ТМД елдері үкімет басшыларының Шолпан-Атадағы бас қосуынан кейін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында Мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының төрағасы Виктор Сенин осындай пікір білдірді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2004
  • 511
Фото - Caravan.kz

В.Сениннің айтуынша, Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясы 2003-жылдың қыркүйегінен бастап бірқатар ТМД елдерінде өз хабарларын тарата бастады. Қазіргі жағдаймен Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Грузиядағы тележиіліктер игерілді. Молдова және Беларусь өкіметтерінен хабар таратуға лицензия алынды. Сондай-ақ, Ресейдің 36 қаласында телерадиокомпания хабарлары кабельді желі арқылы таратылуда.

ТМД-на қатысушы 9 елде Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының филиалдары ашылған. Алдағы уақытта Өзбекстан мен Түрікменстанда телерадиокомпанияның салалық бөлімшелері ашылады.
Сондай-ақ, Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясы Әзербайжан, Украина, Сібір және Ресейдің Қиыр Шығыс аймақтарын қамту арқылы көрермендері санын 30 млн. адамға жеткізуді көздеп отыр.
В.Сениннің айтуынша, алдағы уақытта телерадиокомпанияның хабар тарату тұжырымдамасының жобасы дайындалып, үкімет басшыларының кеңесіне бекітуге беріледі.