Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші жыл малшаруашылығы саласында болжамды көрсеткіштердің артуымен аяқталды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші жыл малшаруашылығы саласында болжамды көрсеткіштердің артуымен аяқталды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші жыл малшаруашылығы саласында болжамды көрсеткіштердің артуымен аяқталды - ҚР ауылшаруашылығы министрлігі

Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші жыл малшаруашылығы саласында болжамды көрсеткіштердің артуымен аяқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің малшаруашылығы департаментінің директоры Совет Сәттіғұл хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 627
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 2003-жылы ет өндіру мөлшері тірілей салмағы бойынша 706,5 мың тоннаны, сүт өндіру мөлшері 4,26 млн. тоннаны, жұмыртқа саны 2,5 млн. дананы, өндірілген жүн мөлшері 26,6 мың тоннаны, ірі қара мал терісінің саны 2,1 млн. дананы, ұсақ мал терсінің саны 5,7 млн. дананы құрады. Орта есеппен мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мөлшері 2002-жылғымен салыстырғанда 2-6%-ті құрады.

Ірі қара мал саны 4,8 млн. басқа (өсім 6,2%) , қой саны 12,1 млн. басқа (өсім 10%), жылқы саны 1,06 млн. басқа (3,8%), түйе саны 111 мың басқа (3,8%), құс саны 24,4 млн. басқа (өсім 8%) жетті.
С.Сәттіғұлдың пайымдауынша, саладағы ең басты әрі айрықша маңызды жетістіктердің бірі Қазақстан бойынша асыл тұқымды мал түлігін өсіретін шаруашылықтар санының шұғыл артуы болмақ. 2003-жылы асыл тұқымды мал шаруашылығы деген төлқұжатқа 117 кәсіпорын ие болған. Ондай шаруашылықтардың жалпы саны 354-ке жетті. Сондай-ақ, еліміздегі асыл тұқымды мал саны да артты, бірақ , тұяқ санының жалпылама артауына байланысты ондай малдардың жалпы үлес салмағы мал түрлеріне қарай 3-5% шамасында өзгеріссіз қалды. Алдағы уақытта асыл тұқымды мал санын 15%-ке дейін өсіру көзделіп отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 840 млн. теңге жұмсалды.
С.Сәттіғұлдың хабарлауынша, 2004-жылы министрлік басымдық беретін басты міндеттердің бірі — ет пен басқа да малшаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту болмақ. Соңғы екі жылда Қазақстан шетелдерге небәрі 2 мың тонна ет шығарды, департамент директорының пайымдауынша, бұл «еліміздің әлеуетін толыққанды паш ете алмайтын өте төмен көрсеткіш». Мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасына сәйкес, 2004-жылы мемлекет атынан малшарушалығы өнімдерін сатып алып саудалаушы «Мал өнімдері корпорациясы» РМК экспорт мөлшерін арттыруға 2003-жылғы 1,5 млрд. теңгенің орнына 2,5 млрд. теңге арнады.

Соңғы жаңалықтар