Жарияланды: 600

Мемлекеттік грантсыз қалған 39 «Алтын белгі» иегерінің 23-і жоғары оқу орнына қабылданды

Мемлекеттік грантсыз қалған 39 «Алтын белгі» иегерінің 23-і жоғары оқу орнына қабылданды

Мемлекеттік грантсыз қалған 39 «Алтын белгі» иегерінің 23-і жоғары оқу орнына қабылданды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев мәлім етті.

«Жоғарыда аталып өтілгендей, ағымдағы жылы да мемлекеттік грант көлемі өткен жылғы деңгейде қалып, қысқартылған жоқ. Бірақ, мемлекеттік гранттарды мамандықтарға бөлу барысында басымдық инженерлік-техникалық, ауыл шаруашылығы, ветеринария салаларына басымдық берілді. Сондықтан да экономика, заңгерлік сынды бірқатар мамандықтарға грант саны қысқартылған болатын, - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар ол ағымдағы жылы 39 «Алтын белгі» иегерінің мемлекеттік грантқа іліге алмай қалғанын тағы бір еске салып өтті.

«Мемлекеттік гранттарды тағайындау жөніндегі комиссия отырысында министр бұл санатқа жататын талантты балалардың жоғары оқу орнына қабылдануын ректорлардың назарына ерекше салған болатын. Сенбі күнгі жағдайға сәйкес 39 «Алтын белгі» иегерінің 23-і жоғары оқу орнына қабылданғанын айта аламын», - деді С.Өмірбаев.

Ол өз сөзінде қалған «Алтын белгі» иегерлерінің де таяу уақытта жоғары оқу орнына қабылданатындығына уәде берді.

- Ен алдымен бұл мәселенін төркінін дұрыс түсініп алғанымыз жөн. Үздік оқушылардың грантсыз қалуы, ҰБТ жүйесінің кемшілігін көрсетпейді. Бұл мемлекеттен бөлінген гранттарға таласушылар қатарының көптігінен орын алған жағдай. Яғни, жыл сайынғы дәстүр бойынша таңдаулы мамандықтарға үміткерлер арасындағы бәсекелестік күштілігінін айқын көрінісі. Ал енді биылғы жылда елімізде 39 «Алтын белгі» иегері ешқандай да грантқа иелік ете алмағаны белгілі. Қазіргі кезде біз олардың 23-інің мәселесін түпкілікті шештік. Демек, 39-дың 23-і таңдаулы ЖОО-лардың студенті атана алады. Ендігі жерде қалған 16 үздік оқушының «тағдырын» алдағы екі күн ішінде толық шешетін боламыз, деді Серік Мәуленұлы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін