Жарияланды: 760

Мемлекеттік хатшы Қазақстан елшісін жазалауға қатысты пікір білдірді

Мемлекеттік хатшы Қазақстан елшісін жазалауға қатысты пікір білдірді Сурет - qazaq-alemi.kz

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаевты жазалауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл - мемлекеттік қызмет туралы заңның, мемлекеттік қызметкерлердің этикасының бұзылуы. Қорытынды шешім жасалған кезде, ҚР СІМ қосымша хабарын береді», - деді ол бүгін Астанада өткен конференциядан соң, тілшілерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, кеше Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырыста Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әбибуллаевты мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша А.Әбибуллаевқа қызметке сәйкестігінің толық еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізу шешім қабылданды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін